15
наурыз
2024
Бос жұмыс орынға конкурс жариялау
Хабарландыру!
Түркістан облысының білім басқармасының Кентау қаласының білім бөлімінің
N9 жалпы білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі бос жұмыс орны:
Лауазымы: География пәні мұғалімі.
Жүктемесі: 1 бірлік.
Жұмыс мерзімі: уақытша (мұғалімнің декреттік демалысқа кетуіне байланысты).
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
білімі: жоғары
біліктілік санаты: «педагог»
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
- "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату" қағидаларының 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- Жеке басын куәландыратын құжат;
- Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
- Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
- ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
- Психоневрологиялық ұйымнан анықтама ;
- Наркологиялық ұйымнан анықтама;
- Ұлттық Біліктілік тестілеу сертификаты;
- 11- қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтың бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
◇ Осы қағидалардың, көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.
Өтініш қабылдау уақыты: 15.03.2024 ж - 27.03.2024 жыл аралығы.
Мекен жайы: Түркістан облысы, Кентау қаласы, Байылдыр ауылы, Чехов көшесі 19 құрылыс
Өтініштеріңізді baildyr_mektep9@mail.ru электронды поштасына жолдасаңыздар болады.
Өтініш үлгісі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы №568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №432 бірлескен бұйрығының 10 – қосымшадағы нысанына сәйкес болуы тиіс.
Толығырақ ақпарат алу үшін байланыс телефоны: 87757667566
Комиссия шешім қабылдауы өтініштер қабылдау мерзімі аяқталған соң жасалады.Комиссия шешімі 5 күнтізбелік күн ішінде қабылданады.